Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарға ойындардағы қолдауы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
"Барлық қазақстандыққа, трибунада, экран алдында қолдаған жанкүйерлерге, әлеуметтік желіде пост жазғандарға алғыс білдіремін! Мемдер де өте көп болды. Бұл мен үшін шексіз қуаныш. Соңғы екі күнде не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен тіпті ұйықтаған да жоқпын, бірақ сіздерге барлық күш-қуатымды бөліп, алғысымды айтамын", – деді мәнерлеп сырғанаушы.