Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды paryz.kz.

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Фото: әлеуметтік желіден

WTA (Әйелдер теннисі қауымдастығы) спортшылардың рейтингін жаңартты. Бұған дейін әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакина бірден екі саты жоғарылап, үшінші орынға көтерілді.

Көшбасында әдеттегідей Australian Open жарысында Рыбакинадан жеңілген Беларусь теннисшісі Арина Соболенко тұр. Ал польшалық Ига Швентек әлемнің екінші ракеткасы атағын сақтап қалды.

Айта кетейік, бұл Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткіші. Ол 2023 жылы да үшінші орынға көтерілген болатын.