Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Дастан Сәтпаев Еуропада үздіктер қатарына енді

Футбол скауты Яцек Кулиг X әлеуметтік желідегі парақшасында 2025 жылғы Еуропа чемпионаттарында өнер көрсеткен 21 жасқа дейінгі үздік сұрмергендердің тізімін жариялады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Дастан Сәтпаев Еуропада үздіктер қатарына енді
Фото: Ida Marie Odgaard / Ritzau Scanpix / AFP via Getty Images

Оқиға таңертең 2-шағынаудандағы №46 үйде болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан кіреберіс маңында жатқан жас жігітті, сондай-ақ баспалдақтар мен оның жанында қан іздерін көруге болады. Куәгерлер полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шақырту бойынша құқық қорғау органдары оқиға орнына уақытылы жеткен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, екі дос спирттік ішімдік ішкеннен кейін өзара жанжалдасқан. Қақтығыс барысында олардың бірі досының жамбас тұсынан пышақпен жарақаттаған. Алынған жарақаттың енбейтіндігі анықталды. 

Жәбірленуші полицияға арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуды, сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді. Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың хабарлауынша, 1990 жылы туған ер адам жедел жәрдем бригадасымен "оң жамбастың кесілген жарасы" диагнозымен жеткізілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін науқас амбулаториялық ем алуға жіберілді.