Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Чехиядағы Oktagon промоушеніндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы бапкерінің үлесін атап өтіп, тактикалық жоспары жайлы айтты.
"Кеше уәде бердім, бүгін алаңда дәлелдедім: мен Big Drama Show жасауға шықтым. Бапкер Артём Левинмен жұмыс істедім, бәрін бірге жасадық. Артём, сен ең мықтысың, бауырым, саған қатты ризамын!" - деді Жұмағұлов.