Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Спорт бүгін, 21.11.2025 12:39 Обновлять, 21.11.2025 18:26

Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын айқын басымдықпен ұтты

Бүгін Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан финалға шықты.

Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын айқын басымдықпен ұтты
Фото: Спорт комитеті

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұханов Магомедхан Магомедовтан (Әзербайжан) басым түсіп, жартылай финалда Ахмет Тажудиновқа екі рет кеткен есесін қайтарды, есеп 15:3. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан - ересектер арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ол бұл атақты 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде жеңіп алған. Сонымен қатар 2024 жылы 20 және 23 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарының жеңімпазы.

Еске салсақ, Ризабек Айтмұхан бұған дейін Ахмед Тажудиновпен екі мәрте кездесіп, екеуінде де жеңілген. Олар 2024 жылы Азия чемпионатында және «Яшар Догу» халықаралық турнирінде жолыққан еді. 

Дәл осы Тажудинов Париж Олимпиадасында қазақстандық балуан Әлішер Ерғалиды жарыс жолынан ығыстырған болатын.  Қазіргі таңда Ризабек күрестің ең тартысты саналатын 97 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап жүр.

Бұл салмақ дәрежесі – әлемдік деңгейдегі мықты палуандардың нағыз бәсекесі. Сауд Арабиясындағы додада да осы салмақтың таңдаулы спортшылары жиналған. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудинов (Бахрейн), Олимпиаданың қола жүлдегерлері Амирали Азарпиа (Иран) және Магомедхан Магомедов (Әзербайжан) болды.