Прямой эфир
Астана
25.77°C
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өз алаңында Белгиямен тең ойнады, есеп 1:1, деп хабарлайды paryz.kz.
Матч «Астана Аренада» өтті. 9-минутта ұлттық құрама ойыншысы Дастан Сәтпаев есеп ашты.
Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймның басында Бельгия ойыншысы Ханс Ванакен гол соғып, есепті теңестірді.
Командалар бұл ойынға келесі құраммен шықты: Қазақстан: Анарбеков, Қасым, Әліп, Вороговский, Қайыров, Оразов, Тапалов, Чесноков, Самородов, Кенжебек, Сәтпаев. Бельгия: Селс, Кастань, Теате, де Винтер, Сейс, Раскин, Онана, Доку, Ванакен, Де Кетеларе, Троссар. Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгияға қонаққа барған Қазақстан құрамасы 6:0 есебімен жеңілген болатын.
Бірінші таймда 41 минут шыдаған жерлестеріміз одан кейін қатарынан алты гол өткізді. Бельгия сапынан Кевин де Брюйне, Жереми Доку дубль жасады. Тағы екі голды Раскин және Менье соқты.