Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстан спортшысы ел қоржынына тарихи медаль салды

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстан спортшысы ел қоржынына тарихи медаль салды
Фото: ҰОК

Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

"Ол жартылай финалға дейін жетіп, Тайбэй өкілі Юн Люге жол берді. Нәтижесінде Нодира әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді.

Еске сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионы атанған Шұғыла Өмірбекті тарихи жеңісімен құттықтаған болатын. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленді.