Астаналық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан 11-ші Азия чемпионының алтын медаль иегері атанды.
"Ол 50 метрлік баттерфляй қашықтығында 23.74 нәтижесін көрсетіп, үздік деп танылды. Нәтижесінде елордалық спортшы алтын медальға ие болып, Азия чемпионы атанды", - деп жазды қала әкімдігі.
Сонымен қатар, 4х100 метрлік аралас эстафетада Әділбек Мусин Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренкомен бірге өнер көрсетіп, қазақстандық команда қола жүлдені қанжығасына байлады.
Үш жарыс күні қорытындысы бойынша қазақстандық жүзушілер барлығы жеті медаль жеңіп алды. Олар Қазақстан қоржынына бір алтын, төрт күміс және екі қола салды.