Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Төрехан Сабырханға баға берді

Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Sports.kz сайтына Төрехан Сабырханның шеберлігі мен болашағы туралы айтып берді

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Төрехан Сабырханға баға берді

"Төрехан – өте талантты жігіт. Келешегі зор. Көп нәрсе оның қандай қадам жасайтынына байланысты болады. Бокс дамып келеді және ешқашан бір орында тұрмайды. Жігіттер бапкерлерімен бірге үнемі өздерімен жұмыс істеуі керек. Менің ойымша, Төреханның супержұлдыз болуға мүмкіндігі мен әлеуеті бар", - деді маман.

Айта кетейік, 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Сабырхан 70 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа таққан болатын.