Садақ ату – бұл ғасырлар бойы адам рухыншыңдаған, төзімділік пен сабырды талап ететінерекше өнер. Қазіргі заманда ол спорттық тәрбие мен ұлттық дәстүрдің ерекше бір тармағына айналып, елімізде қарқынды дамып келеді.
Алматықаласында кәсіби деңгейде парасадақпен айналысатын спортшылардың бірі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері әрі жаттықтырушы, парасадақшы Абдығани Айқынбаев. Ол парасадақ спортының бүгінгі жағдайы туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Парасақшыларға арналған қысқы спорт алаңы болса
Кәсіби парасадақшы Абдығани қазіргі таңда Алматыдағы парасадақшылардың негізгі жаттықтырушысы әрі еліміздің жетіқаласында филиалдары бар ұйымның басшысы. Ол 2010 жылы Туризм және спорт академиясына оқуға түсіп, содан бері осы салада еңбек етіп келеді. Оның жетекшілігімен Алматыда кәсіби деңгейге жеткен спортшылар саны жиырмаға жуықтап, олардың біразы спорт шебері атанды. Алайда, парасадақ спортында әлі де шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелер бар. А.Айқынбаев атапөткендей, қыс мезгіліндегі дайындық қиындық тудырады. Жаттығу үшін қолданатын ғимараттың жылыту жүйесі жеткіліксіз, ал ауа ылғалдығы жоғары болғандықтан, мүгедек арбамен жүріп-тұруға қолайсыздық туындайды. Сол себептікөктем мен жаз айларында спортшылар АлматыАрена кешенінің жанындағы ашық алаңда жаттығады. Оның айтуынша, қысқы уақытта далада жаттығу өте қиын, әсіресе аязды күні нысананы дәл көздеу қиынға соғады, ал жебені қардың астынан табу – шыдамдылықты қажет ететін қиын жұмыс. Сол себепті арнайы жылы және қауіпсіз спорт кешені салу – аса қажетті мәселе болып тұр.
Бір садақ толық жабдығымен 2 млн теңгенің құрайды
Қазіргі таңда парасадақшылардың негізгі құрамында тоғыз спортшы болса, резервте төрт адам бар, қазір оларды екі жаттықтырушы жаттықтырады. Алайда жаттықтырушы резервтегіспортшылардың барлығын негізгі құрамға шығару мүмкін еместігін айтады, себебі садақтардың саны жетіспейді. Кәсіби спорттық садақтар өте қымбат құралдар болып табылады. Мысалы, 2023 жылыбір садақтың өзі (қосымша жабдықтарсыз) шамамен 2200 еуроға бағаланған. Толық жинағының құны кейде 2 миллион теңгеге жетеді. Ал жебелердің бір қорабының құны 500-700 доллар аралығында болады. Жаттықтырушының дерегінше, мұндағы садақтар негізінен АҚШ-та жасалады, себебі ол елде спорттық садақ өндірісі өте жоғары деңгейде дамыған және сапасы әлемде үздік болып саналады.
Сонымен бірге жаттықтырушы саланың өзекті мәселесі – арнайы садақ ату алаңдарының жоқтығы екенін жеткізді. Алматыда парасадақшыларға арналған қауіпсіз және стандарттарға сай келетінарнайы спорт кешені салу туралы бірнеше жылбұрын уәде берілгенімен, бұл іс әлі де жүзеге аспаған. Бұрын қала орталығында, Орталық стадион маңында халықаралық талаптарға сайсадақ ату орны болған. Сол уақытта Қазақстан парасадақшылардың бас қосатын орталығы ретіндетанылған. Сол алаңның құрылысына үлес қосқан Марат Мырзахметовтің еңбегін жаттықтырушы әлі күнге дейін жоғары бағалайды. Қазіргі кездеосындай заманауи және толық жабдықталған орынның қайта ашылуы спортшылардың арманыболып отыр. Абдығани Айқынбаевтың пікірінше, садақ атуға техникамен қатар жүрек пен сабырлы мінез қажет. Ол бұл спорттың адамды сабырлыболуға, ойды таза ұстауға, төзімділікке баулитынынатап өтеді. Жаттықтырушының айтуынша, садақ атуға келген әр он адамның ішінде екі-үш ғана шынайы талантты спортшы қалыптасады. Бұлспорт рухты шыңдап, сана мен сезімді үйлестіруді талап етеді.
Қоржында үш қола, бір күміс медаль
Жақында өткен ел чемпионатында Алматыкомандасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үш қола және бір күміс медаль жеңіп алды. Олардың қатарында спорт шеберлігіне үміткер Болатжан Қайыркенұлы да бар.
– Садақ спортының екі негізгі түрі бар: классикалық және компаунт. Классикалық садақ – Олимпиада ойындарында қолданылатын дәстүрлі үлгі, оның қос иілген шеті мен қарапайым арқанды тетивасы бар. Бұл садақ дене күшімен тартылып, атудың дәлдігі мен шеберлікті талап етеді. Компауңт садақ – заманауи үлгі, онда роликтер мен арнайы механизмдер көмегімен тарту күші жеңілдейді, ал дәлдік жоғарылайды, – дейді ол.
«Садақ ату – жаныма тыныштық сыйлайды»
Садақ атудан спорт шебері Ануар Жакупов та үш жылдан бері осы спортпен айналысып келеді. Оның айтуынша, садақ ату тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар жан тыныштығын табуға көмектесетін ерекше құрал. Ол аптасына үш ретжаттығуға қатысып, бұл спорттың өзінің руханикүш-қуатын арттыра түсетінін айтады. Ануар жасөспірімдер мен балаларды садақ спортына көбірек баулудың маңызды дейді, өйткені бұл спорт түрі адамды сабырлы, сенімді, төзімді етіптәрбиелейді.
Бір жебенің құны 25 мың теңге
Байқауымызша, парасадақшылардың жазғы жаттығу алаңының жағдайы аса жақсы емес. Бұл орын арнайы парасадақшылар үшін салынбағандықтан, техникалық талаптарға сайкелмейді. Жерінің жұмсақ топырақ болуы, жабайышөптің көп өсуі спортшыларға қиындық тудырады. Осы алаңда жебе жоғалту – жиі кездесетін мәселе. Мысалы, бір жебенің құны 20–25 мың теңге шамасында, ал кейде жебе толықтай жерге кіріпкетіп, оны табу мүмкін болмай жатады. Спортшылар бұл шығынды өз қалтасынан төлейді. Спортшылардың арманы – парасадақшыларға арналған заманауи, қауіпсіз және толық жабдықталған жаттығу орталығын ашу. Бұл спортшылардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді және халықаралық деңгейде де Алматыны парасадақшылардың орталығы ретінде танытуға мүмкіндік туғызады.