Елімізде ел көңілінен шыққан сәтті бастамалардың бірі – шетелден спортшы шақыруға тыйым екені белгілі. Себебі, спортқа бөлінген қыруар қаржы желге ұшып, отандық мамандар мен болашағынан үміт күтірген спортшылардың жолы жабылып келген еді. Осыдан да болар, Қазақстанда спорт саласындағы легионерлерге қаржы бөлу мәселесі қоғам арасында қызу талқыланатын тақырыптардың бірі болып келді, деп хабарлайды paryz.kz
Осы заңсызсыздықты тоқтату мақсатында шетелден шақырылған, Қазақстан азаматы емес спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салатын арнайы заң қабылданды. Парламент Сенаты тиісті заңды мақұлдады. Ұзамай Президент қол қойып заң күшіне енді.
Бұл шешім, әсіресе, футбол, хоккей және басқа да спорт түрлерінде шетелдік ойыншыларды тартуға бөлінетін бюджетті қайта қарау мақсатында қабылданды. Бүгін біз осы ереженің пайдасы, атқарылған іс-шаралар және легионерлерден бас тартқан клубтар мен ұйымдар туралы мәліметтерге тоқталмақпыз.
Ереженің пайдасы
Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң жергілікті таланттардың танылуына жол ашып отыр. Айтуларынша, легионерлерге қаржы бөлуді шектеу ең алдымен отандық спортшыларға көбірек мүмкіндік береді. Жергілікті ойыншыларға басымдық беру арқылы клубтар мен ұлттық құрамалар өз академиялары мен жас спортшыларын дамытуға мәжбүр болады. Бұл ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан спортының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Екіншіден ел бюджетті үнемделеді. Яғни бұған дейін шетелдік ойыншыларға берілетін жоғары жалақы мен бонустар мемлекеттік және жеке бюджеттерге ауыртпалық түсіріп келген еді. Есесіне үнемделген қаржыны жергілікті спорт инфрақұрылымын дамытуға, жаттығу базаларын жаңартуға және жастар спортына бағыттау экономикалық тиімділікті арттырады.
Ұлттық идентификацияны күшейту
Жергілікті ойыншыларға басымдық беру командалардың ұлттық сипатын нығайтады. Жанкүйерлер өз елінің спортшыларына қолдау көрсетуге бейім болады, бұл спорттың халық арасындағы танымалдылығын арттырады.
Тұрақты даму
Легионерлерге тәуелділікті азайту спорттық клубтардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Шетелдік ойыншылардың кетуі немесе жарақат алуы сияқты тәуекелдер азаяды, өйткені команда жергілікті кадрларға сүйенеді.
Заң не берді?
Қазақстанда легионерлерге қаржы бөлуді шектеу бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ, легионерлерге лимит енгізілді. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) және басқа спорт федерациялары амалсыз командалардағы шетелдік ойыншылардың санын шектейтін ережелер енгізді. Мысалы, футболдағы Премьер-лигада бір уақытта алаңда 5-тен артық легионер ойнай алмайды. Бұл ереже өз кезегінде клубтарды жергілікті ойыншыларды тартуға жол ашып отыр.
Жастар академияларын дамыту
Соңғы жылдары «Астана», «Қайрат», «Тобыл» сияқты клубтар өздерінің жастар академияларына инвестиция салуды күшейтті. Мемлекет тарапынан да спорт мектептері мен жаттығу орталықтарын қолдауға қаржы бөлінді.
Мемлекеттік қолдау жаңа бағытта дамып жатыр
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын клубтарға легионерлердің санын азайту және жергілікті ойыншыларды дамытуға басымдық беру міндеті қойылды. Бұл саясат әсіресе хоккейдегі «Барыс» клубы мен баскетболдағы «Астана» командасында байқалады.
Рас шетелден шақырылған, Қазақстан азаматы емес спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландырудың тиімсіз болып келді. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, бұған дейін елімізде ойнап жүрген легионерлердің нәтижесі төмен болып келген. «Мысалы футболды айтсақ, былтыр премьер-лиганың ішінде 14 клуб ойнаса, 325 футболшының ішінде 149 легионер болған екен, яғни елу пайызы. Хоккейде қазір 109 легионер бар, қалған спорт түрлерінде көп емес», - дейді ол.
Қазіргі уақытта аталмыш клубтар мен ұйымдар заңға сәйкес легионерлерден бас тартып жатыр.Мәселен, «Қайрат» футбол клубы өз академиясына басымдық беріп, жергілікті ойыншыларды тартуға күш салуда. Клубтың жастар академиясы бірнеше талантты ойыншыларды шығарды, мысалы, Бауыржан Исламхан мен Еркебұлан Сейдахмет.
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы да легионерлер санын азайтып, қазақстандық ойыншыларға мүмкіндік беріп жатыр.
Астанадағы «Барыс» хоккей клубы Континентальды хоккей лигасында (КХЛ) өнер көрсетеді және соңғы жылдары жергілікті ойыншыларға, әсіресе қазақ жастарына көбірек мүмкіндік беріп келеді. Клубтың жастар командасы да таланттарды дайындауға бағытталған.
Баскетбол клубтарында да легионерлер санын азайту тенденциясы байқалады. Мәселен, «Астана» клубы жергілікті ойыншыларды тартуға және олардың біліктілігін арттыруға инвестиция салуда.
Қазақстанда легионерлерге қаржы бөлуді тоқтату немесе шектеу саясаты ұлттық спортты дамытудың маңызды қадамы болып табылады. Бұл ереже жергілікті таланттарды дамытуға, бюджетті тиімді пайдалануға және ұлттық идентификацияны нығайтуға ықпал етеді. Жастар академияларын дамыту, лимит енгізу және мемлекеттік қолдауды қайта бағыттау сияқты шаралар бұл саясаттың тиімділігін арттырады. «Қайрат», «Тобыл», «Барыс» сияқты клубтардың тәжірибесі жергілікті спортшыларға сенім артудың нәтиже беретінін көрсетеді. Болашақта бұл бағытты жалғастыру Қазақстан спортының әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек.