Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын 22 жасқа дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды, деп хабарлайды Paryz.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігі 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Тайландтың Бангок қаласында өтеді. Жарысты алғаш рет World Boxing ұйымы өткізеді.
«Жауапты бәсекеге спортшыларды дайындаған Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Алматыдағы базарлардың бірінен 40 келі жылқының қазысын сатып алған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жария болды», - деп жазды порталды.
Бапкер Таиландтағы тамақ мәзірі қазақстандық спортшыларға аса қолайлы емес екенін жақсы біледі. Сондықтан өзімен бірге қазы алып кетуді жөн көрген.