Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалдық кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды paryz.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде ирандық Радин Зейналимен жолықты. Үш раундтың қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық таеквондошы финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Олардың қатарында 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригес те бар.