Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиада комитетінің орденімен марапатталды. Ол бұл марапатты отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін алды, деп хабарлайды paryz.kz.
25 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапаттар табыстады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ең жоғары марапаты – ҰОК орденімен 2026 жылы ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды.