Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" туралы шықпаған қаулыға наразы

"Президент мырза, қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз? ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда?" - деп ашынды әнші.

Алтынай Жорабаева "жыныс ауыстыру" туралы шықпаған қаулыға наразы
фото: ашық дереккөз

Әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында елімізде жыныс ауыстыру мәселесі жөнінде тараған ақпаратқа қатысты өз ойын айтты, деп жазды paryz.kz.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді! Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыныс ауыстыру отасына рұқсат қаулы шығарды! Президент мырза, қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз? ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда? Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны. Қаншама мұқтаж отбасы бар. Қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Димаш аударған қаржы сол мұқтаждарға бөлінсін. Мына сұмдықты тоқтату керек. Дамыған 50, 30 елдің қатарына кіру үшін сөз бостандығы, ой бостандығы, "интернеттің жылдамдығы", "жолдың сапасы" сияқты адамның құқығы деген де бар-мыс. Енді сол адам құқығының ішіне осы жыныс ауыстыру деген де кіреді екен! Егер осының барлығы орындалмаса, 50, 30 елдің қатарына кіре алмай қалады екенбіз. Бүйткен дамыған елінің... Бәрібір жыныс ауыстыруға рұқсат бар екен", - деп ашынды әнші.

Алайда Денсаулық сақтау министрі әнші айтып отырған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады деген мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов ажырасқаны үшін айтылған сынға жауап берді «Қазақстаннан шығарып жіберу керек»: Тұрсынбек Қабатов ажырасқаны үшін айтылған сынға жауап берді «Біз туралы өсек-аяң көп»: Сәкен Майғазиев әріптесі Мақсат Базарбаев туралы күтпеген жазба жариялады «Біз туралы өсек-аяң көп»: Сәкен Майғазиев әріптесі Мақсат Базарбаев туралы күтпеген жазба жариялады «Әртістер тойынған» деген сын айтылды»:  Мейрамбек Бесбаев 15 миллион теңгеге сатылған домбырасы туралы айтты «Әртістер тойынған» деген сын айтылды»: Мейрамбек Бесбаев 15 миллион теңгеге сатылған домбырасы туралы айтты «Аман-есен шаңыраққа оралды»: Нұрлан Албан елден сүйінші сұрады «Аман-есен шаңыраққа оралды»: Нұрлан Албан елден сүйінші сұрады «Әйелімді маған қарсы айдап салып жатыр»: Мансар Орынхан отбасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді «Әйелімді маған қарсы айдап салып жатыр»: Мансар Орынхан отбасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді «Көзқарасы – от»: Нұрболат Абдуллин биімен жұртты тамсандырды «Көзқарасы – от»: Нұрболат Абдуллин биімен жұртты тамсандырды «Армандарымды бір бұрышқа ысырып қойдым»:  Роза Бағланованың келіні енесінің көпшілік біле бермейтін қасиеттерін айтты «Армандарымды бір бұрышқа ысырып қойдым»: Роза Бағланованың келіні енесінің көпшілік біле бермейтін қасиеттерін айтты «Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян»: Жазира Байырбекова тосын жазба жариялады «Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян»: Жазира Байырбекова тосын жазба жариялады «Анасын психологқа апару керек»: Меруерт Түсіпбаева әкесі қызын ернінен сүйген видеоға қатысты ойын айтты «Анасын психологқа апару керек»: Меруерт Түсіпбаева әкесі қызын ернінен сүйген видеоға қатысты ойын айтты