Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Біреудің баласын өлтіретін адам емеспін»: Алматыда сәби өліміне айыпталған әйел ақталды

Алматыда 7 айлық нәрестенің өліміне байланысты айыпталған әйел сот үкімімен ақталды. Ол сот залынан босатылды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Біреудің баласын өлтіретін адам емеспін»: Алматыда сәби өліміне айыпталған әйел ақталды
Фото: видиодан скриншот

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, соттағы соңғы сөзінде әйел өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтып, ешкімнің баласына қастандық жасамағанын жеткізді.

«Мен де анамын. Біреудің баласын өлтіріп, өз баламды тірі жетім қалдыратын адам емеспін», – деді сотталушы.

Сот материалдарын қарау барысында нәрестенің қылғындырылғаны жөніндегі айып дәлелін таппаған. Сонымен қатар сараптама нәтижесінде сәбидің асқынған пневмониямен ауырғаны анықталған.

Осыған байланысты сот әйелді қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау туралы шешім қабылдады.

Ал жәбірленуші тараптың 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы талабы қанағаттандырылмады.