Алматы қаласы Алмалы аудандық соты бүгін Санжар Боқаевқа үкім шығарды. Ол кінәлі деп танылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Сот Санжар Боқаевты мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:
ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы – "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық"; ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";
ҚК 218-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру";
ҚК 340-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау";
ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтары – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен онлайн-платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату".
Сот оған түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Боқаев жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Бұған дейін прокурор оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Мадияр Қалменовті – Боқаевтың жиенін сот мына баптар бойынша кінәлі деп таныды: ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы – "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық"
ҚК 218-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру";
Ол түпкілікті 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Мобилограф Ұлан Нүсіпқожаны сот мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:
ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";
ҚК 340-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы – "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау";
ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармақтары– "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен онлайн-платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату".
Сот оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.