Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жамбыл облысында ер адам соққыға жыққан көпбалалы ана ауруханада көз жұмды

Жамбыл облысында Шу аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне ауыр халде түскен көпбалалы ана Гүлнәр Мазабекова көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.

Жамбыл облысында ер адам соққыға жыққан көпбалалы ана ауруханада көз жұмды
Фото: Baq.kz.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм әйелдің туыстары сұхбат берген болатын. Олардың айтуынша, әйелді онымен 10 жыл бойы бірге тұрған ер адам ұрып-соққан.

"Науқас медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. Клиникалық көрсетілімдерге сәйкес емдеу және қарқынды терапия толық көлемде жүргізілді. Науқастың жағдайы өте ауыр күйде болды. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан науқас қайтыс болды", - деп хабарлайды Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.