Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жыл басынан бері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 160-тан астам қару тәркіленді

Жыл басынан бері Қазақстанда 2 мыңнан астам заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлайды paryz.kz.

Жыл басынан бері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 160-тан астам қару тәркіленді
Фото: polisia.kz

"Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 190 дана криминалдық қару бар, оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған", - деп жазылған хабарламада.

20-22 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 188 атыс қаруы, оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді.

Мысалы, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады, дейді полицейлер.