Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 03:44-те түскен, деп хабарлайды paryz.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. Бұл кезде тұрғын үй толығымен отқа оранған. Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 35-ке жуық маман мен 9 техника жұмылдырылған.
Өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.