Мемлекет басшысы 25-26 қараша күндері Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.