Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті: күдікті ұсталды

Ақтөбеде полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті: күдікті ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстаған.

Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, Қазақстан азаматы болып шықты. Қылмысты ашу үшін қалаға ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ бақылауында.