Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.
"Ертең мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.