Жыл басынан бері Маңғыстау облысында адамдарды жан-жануарлардың тістеп алуының 1300-ден астам фактісі тіркелді, деп хабарлады Lada.kz.
                        Қаңғыбас мысық тістеп алғандардың бірі дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген, соның салдарынан ол қайтыс болған.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Маңғыстау облысында жануарлардың тістеуі мен тырнауынан 1351 адам жарақат алған.
"Олардың 52%-ы балалар, 4,4%-ы жасөспірімдер және 43,4%-ы ересектер. 476 адам белгілі жануарлардан, ал 875 адам белгісіз жануарлардан зардап шеккен. 823 адам иттерден, 461 адам мысықтардан және 67 адам басқа жануарлардан (жылқылар, тышқандар, түлкілер және т.б.) жарақат алған. Жануарлар шабуылының көпшілігі иттер (64,7%) және мысықтар (34,1%) тарапынан болады", - деді облыстағы аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау департаментінің бас маманы Жарас Белгібаев.
Жыл басынан бері 1351 адам құтыруға қарсы емге жүгінді. Олардың 801-іне құтыруға қарсы вакцина тағайындалды, ал 544-іне иммуноглобулин берілді. Жалғас Белгібаев түсіндіргендей, иммуноглобулин инфекция қаупі жоғары жағдайларда, жарақаттың орналасқан жері мен ауырлығына байланысты қолданылады