Әзілкеш Ұлан Мықтыбек сұлулық салонында болған жағдайға қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның айтуынша, әйеліне бір зат беру үшін салонға кіргенде, қызметкерлер одан сыртқа шыға тұруын өтінген.
Бұған себеп ретінде салонда хиджаб киген қыздың отырғанын айтқан.
«Бөтенмен амандаспақ түгілі, түріне қарауға уақыт жоқ кезде күйдіреді ғой адамды осылай, айналайындар, Ауғанстанға ма, Сирияға ма барып өмір сүріңдерші, тәлпіштене бермей. Әркім өзінің санасында. Байың “түріңді көрсе біреу зорлап кетеді” деді ме саған? Не деген сана?» – деп жазды жайдарманшы.