Қостанай көлік прокуратурасы сотта «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның сеніп тапсырылған мүлкін Құсмұрын жол дистанциясының лауазымды тұлғасы талан-таражға салғандығын дәлелдеді, деп хабарлайды
Материалдық жауапты тұлға қызметтік жағдайын асыра пайдалана отырып, жол жөндеуге арналған және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін Р-65 маркалы 40 теміржол жапсырмасын заңсыз сатып жіберген.
Прокуратураның бастамасымен сот процесі жол дистанциясы қызметкерлерінің қатысуымен көрсетілімдік түрде өткізілді. Бұл стратегиялық нысанның қауіпсіздігіне қол сұққандар үшін жауапкершіліктің бұлжымайтындығын айқын көрсетті.
«Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі 3) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.