Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бір тәулікте миллион қаралым: Балғынбек пен Айнұрдың жаңа айтысы желінің хитіне айналды

Айтыскер ақындар Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram-дағы дуеті бір тәулікте 1 миллион қаралым жинады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бір тәулікте миллион қаралым: Балғынбек пен Айнұрдың жаңа айтысы желінің хитіне айналды
Коллаж: Azattyq ruhy

Сахнадан кетсе де, халықтың көңілінен кетпеген айтыстың ақтаңгерлері ерекше форматта өнер көрсетіп, тағы да көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Айнұр Тұрсынбаева сонау Ыстамбұлдан келіп, өнердегі жұбымен видеоға түскен. Мұның бәрі ақын Жандарбек Бұлғақовтың рэп жанрында танымал бола бастаған Еңлік Құрарбектің әнін сынауынан басталды. Ол әннің мәтінінде мағына жоғын айтқан. Әнші де қарап қалмады «бір әніме қадалып, мысқылдап, кекетпеңіз» деді. Желідегі жұрттың пікірі екіге бөлінді. 

Дауға Балғынбек Имашев араласып, Еңлік Құрарбекті жақтады. Онысын Instagram парақшасында арнаумен жеткізді. Оған Жандарбек Бұлғақов әріптесі Сырым Әуезханмен бірігіп жауап қайтарды. Балғынбек Имашев жас жігіттерден «таяқ жеп» жатқанын айтып, Түркияға көшіп кеткен ақын Айнұр Тұрсынбаевадан көмек сұрады. Айтыскер Қазақстанға келіп, Балғынбек Имашевке қолдау көрсетті. Айтыс саңлақтарының Instagram-дағы батлы жалғастырып жатыр.

Желі қолданушылары оларға тәнті болып, сағынғанын жеткізген. Айта кетсек, Айнұр Тұрсынбаева айтыстан кеткен соң, Түркияға көшіп, психолог-коуч болып кетті, ал Балғынбек Имашев қайырымдылық қор ашып, әлеуметтік кәсіппен айналысып жүр.