Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Белгісіз адам қорқытып отыр»: Мақпал Жүнісова күтпеген жазба жариялады

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын мәлімдеді. Өнер иесінің айтуынша, әлдекім оның Астанада тұратын әпкесіне хат жолдаған, деп хабарлайды paryz.kz.

«Белгісіз адам қорқытып отыр»: Мақпал Жүнісова күтпеген жазба жариялады
Фото: видиодан скриншот

Хатта Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері үйіндегі газ ақысын төлемегені көрсетілген. Хатты жолдаған адам өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырып, қарыз өтелмеген жағдайда газдың өшірілетінін ескерткен.

Атап айтқанда, хат мәтінінде: «Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – делінген.

Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешқашан газ бойынша қарызы болмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл жағдай негізсіз әрі күмән тудырады.

«Ешқашан қарызға батпаған адаммын. Белгісіз біреу Астанадағы әпкеме хабарласып, қорқытып отыр», – деді Мақпал Жүнісова.