Астанада мас кезінде көлік жүргізген судья А. К. Досаева қызметінен босатылды, деп хабарлайды Жоғарғы сот кеңесі.
Ведомство жанындағы Сот жюриі 22 қаңтарда шешім шығарды.
"Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А. К. Досаева судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, судья қызметінен босатылды", - дейді Жоғарғы сот кеңесі.