Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Былтыр қазақстандықтар 3 мың жетімді асырап алған - ресми дерек

Былтыр қазақстандықтар 3 мың жетім баланы асырап алған. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту минстрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Былтыр қазақстандықтар 3 мың жетімді асырап алған - ресми дерек
Фото: istockphoto

Министрлік сол арқылы жетім балалардың саны былтыр тағы да екі есеге азайды дейді.

«Қазір елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар, олардың 82% отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Былтыр отбасылар 3 мың жетім баланы асырап алған. Сол арқылы елдегі жетім балалардың саны екі есеге азайды», - деп хабарлайды министрлік.