Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

35 градус аяз, қар, боран: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Синоптиктер алдағы үш күнге яғни 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған.

35 градус аяз, қар, боран: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады
Фото: nur.kz

Метеорологтардың мәліметінше, Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттар әсерінен алдағы күндері Қазақстанда қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, желдің күшеюі күтіледі.

Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын, территорияның едәуір бөлігіне жылырақ ауа массаларының енуі басталады, соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

түнгі уақытта орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін; таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік облыстарда түнде ауа температурасы -20…-35°С шамасында болып, аязды күн сақталады.

Сонымен қатар суық арктикалық ауа шоғырланған антициклон жотасы елдің батыс өңірлеріне таралып, түнгі уақытта ауа температурасының -15…-30°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендеуіне себеп болады.