Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Шымкенттегі полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте адам қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін ол тірі кезінде арызын қабылдамаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Шымкенттегі полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы бүгін Сенаттың кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті.

«Мәжбүрлеп некеге тұрғызу ісі бойынша дер кезінде әрекет етпеген полиция қызметкерлеріне қатысты селқостығы үшін қылмыстық іс қозғады. Істі ішкі қауіпсіздік демартаменті тергеп жатыр», - деді Әділов.