Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Мәйітін аурухана маңына тастап кеткен»: Шымкенттегі кісі өліміне қатысты тың дерек шықты

Бұған дейін хабарланғандай, 20 қаңтар күні Шымкент қаласының орталығында бірнеше көлік соқтығысып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

«Мәйітін аурухана маңына тастап кеткен»: Шымкенттегі кісі өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: видиодан скриншот

Журналист Михаил Козачков төбелестен кейін түсірілген тағы бір бейнежазбаны жариялады. Видеода кешкі уақытта қара түсті автокөліктен түскен бірнеше ер адамның бір адамның мәйітін Ордабасы ауданындағы аурухананың маңына тастап кеткені көрінеді.

Дереккөз мәліметінше, аталған төбелеске қатысы бар және адам өлтірді деген күдікке ілінген бес адамға іздеу жарияланған.

Іздеуде жүрген күдіктілердің аты-жөндері: Арысбаев Мақсұт Асылханұлы, Қуандықов Жанділдә Дүйсенбіұлы, Қызбалаев Дархан Алматұлы, Дауласов Марат Қаллыбекұлы, Іңкәрбаев Разан Мұратбекұлы.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан ер адамның аты-жөні — Василий Колесников, жасы 40-та. Кей деректерге қарағанда, ол бұған дейін адам өліміне қатысты қылмыс үшін жазасын өтеп шыққан.