Шетелдік үш жанкүйер Астанада өткен "Қайрат" – "Брюгге" арасындағы матчты шомылуға арналған киіммен тамашалаған сәті көрсетілген видео желіде тарап кетті. Полиция оларды ұстады, деп хабарлайды paryz.kz.
Стадионда түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында жарияланды. Автордың айтуынша, "Брюгге" клубының жанкүйері матчқа шомылу киімін киіп келген.
Кадрлардан олардың "Борат" фильміндегідей жасыл түсті шомылуға арналған киіммен тұрғанын байқауға болады.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 20 қаңтарда стадиондағы футбол матчы кезінде үш ер адам айналасындағы басқа адамдардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Полиция қызметкерлері үш шетелдік жанкүйерді ұстап, полиция бөлімшесіне алып кетті.
Мас күйінде қоғамдық орынға келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Астана полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті күшейту қамтамасыз етілетінін еске салады. Белгіленген тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады" - деп мәлімдеді полиция.