Әнші Жазира Байырбекова халық әртісі Роза Рымбаевадан келінге қалай қарау керектігі жөнінде кеңес сұрады. Өнер иесінің жауабы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.
Роза Рымбаева қазақ қоғамында келінге қатысты әлі де өкінішті түсініктердің кездесетінін айтты.
«Қазақта өкініштісі келінді құл сияқты ұстап, өкпемен сөйлейтін енелер бар. Бірақ менің түсінігімде келін қызын емес, мен кеткеннен кейін орнымды басатын адам. Ошақтың анасы болатын жан», — деді халық әртісі.
Ол адамның бұл өмірде мәңгі еместігін атап өтіп, отбасының болашағы келіннің қолында екенін жеткізді.
«Мен 100–200 жыл өмір сүрмеймін ғой. Мен кеткенде орнымды осы келінім басады. Сондықтан келінге ақылмен, сабырмен қарап, білгеніңді үйреткен дұрыс», — деп түйіндеді Роза Рымбаева.