Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Еліміздің тұңғыш Бас мүфтиі Ратбек қажы дүниеден өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды.

Еліміздің тұңғыш Бас мүфтиі Ратбек қажы дүниеден өтті
Фото: sunna.kz

Тренд Ақорда Тағайындау Астана АЭС Заң және тәртіп Дерекқор Kazinform-105 09:41, 16 Қаңтар 2026 | GMT +5 Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі өмірден өтті АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды. Бөлісу: Фото: sunna.kz Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі растады. Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым. Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген.

Ливия университетінде діни білім алған. Ашық дереккөздерде ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейгені айтылады.

Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады.