Шымкент қаласында 21 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты күдікке ілінген азамат сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды paryz.kz.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Соттың рұқсатымен күдіктіге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Марқұмның туыстары айтқан барлық дерек пен уәж тексеріліп жатыр. Құқықтық баға сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша беріледі. Аталған қылмыстық істің тергелуі Шымкент қалалық полиция департаменті басшысының жеке бақылауында», – делінген ресми хабарламада.