Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Көзіме жас келді»: Ажырасып кеткен әйеліне ет әкеп берген еркек көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Желісінде айырылысып кеткен ерлі-зайыптының бір-біріне деген құрметі жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Көзіме жас келді»: Ажырасып кеткен әйеліне ет әкеп берген еркек көпті сүйсінтті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

«Сыйластықта болғанға не жетсін. Айырылысып, әрқайсымыз өз өмірімізді сүріп жүрсек те ортада көпір баламыз бар. Ас салып берерсің деп қазанасы әкеп тұрған жайы бар. Жаңа отбасыңмен бақытты бол, бөтенім әрі жақыным», - деп жазылған видеода.

Желідегі видеоға қатысты жұрт түрлі пікір білдірді.

«Мынаны көріп, көзіме жас келді. Рақмет ер адамға, айналайын басқа отбасы болса да бағы жансын», «Бәрібір жүректерінде сыз, мұң болады ғой балаларының іштей. Жарым көңіл боп жүреді. Басқа толық отбасыларға қызығып қарайтын болады. Алдымызда не боларын білмейміз-ау», «Еркек екен әкесі, жарады», «Екеуі де жылы жүзді , жақсы сияқты, не болды екен», - деп жазады желі қолданушылары.