Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шығыс Қазақстанда екі шенеунік қамауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында екі басқарманың басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.

Шығыс Қазақстанда екі шенеунік қамауға алынды
Фото: видиодан скриншот

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

"Ол жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленді", - дейді ведомство.

Сондай-ақ осы өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен екі басшы да қамауға алынды.