Абай облысында Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары мен маманы тиісті рұқсатсыз жалпы сомасы 24 млн теңге болатын 35 субсидияны заңсыз бөлген. Бұл туралы Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жайылымдарды суландыру мен мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялар бөлу барысында заң бұзуды анықтады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, субсидия алудың шарттарының бірі арнайы су пайдалану рұқсатының болуы.
— Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары мен маманы тиісті рұқсатсыз жалпы сомасы 24 млн теңге болатын 35 субсидияны заңсыз бөлген, — делінген хабарламада. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған тұлғаларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.