Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Алматыда ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған.

Алматыда ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті растады деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 7 қыркүйекте департамент Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевты «Қазақ саңыраулар қоғамы» №2 оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Л.Ы. Дауылбаевадан 3,7 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұстады. Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған, - деп жазылған inbusiness.kz редакциясына жіберілген хатта.

Сот шешімі бойынша Константин Воропаев 2 айға қамауға алынды.