Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Шекара арқылы 1 млрд теңгенің жүгін заңсыз өткізбек болғандар жазаланды

Шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісі анықталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Шекара арқылы 1 млрд теңгенің жүгін заңсыз өткізбек болғандар жазаланды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Комитеттің мәліметінше, мұндай заң бұзушылықтар биыл 1-10 тамыз аралығында жасалған.

"Шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді", – дейді комитет.

Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 фактісі, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісі анықталды. Кінәлі адамдар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.