Прямая трансляция

Астана

Астана

22.08°C

Ақтөбе облысында тойдан кейін болған төбелесте 26 жастағы жігіт қаза тапты

Ақтөбе облысында тойдан кейін болған төбелестен 26 жастағы азамат қаза тапты. Қонаққа барған оны әлдебіреу шабынан пышақтап, көк тамырын үзіп жіберген, деп хабарлайды Paryz.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында тойдан кейін болған төбелесте 26 жастағы жігіт қаза тапты
Фото: pixabay

Қанды оқиға Шалқар қаласында болды. Тойдан соң марқұм белгісіз біреумен жанжалдасып қалады. Қарсыласы оған пышақ ала жүгірген. Шабынан алған жарақаттан қансыраған жігіт аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Қаза тапқан жігіт үйленбеген. Оны өлтірген күдікті ұсталған. Қазір ол қамауда отыр.

"Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу департамент басшылығының бақылауында", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.