Қазақстанда 16-18 шілде аралығында ауа райы күрт өзгеріп, бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, енді бір аймақтарда ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды paryz.kz.
Қазақстанда 16-18 шілде аралығында ауа райы күрт өзгеріп, бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, енді бір аймақтарда ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жариялаған ауа райы болжамында айтылған. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдай өзгереді.
Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 16-17 шілдеде кейбір өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Метеорологтардың болжамынша, жауын-шашынның әсерінен еліміздің батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, күндіз ауа температурасы +22...+35 градус аралығында болады.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +21...+36 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың орталығы мен шығысында +41 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады. Ал еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысының жекелеген аудандарында Орталық Азиядан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы жалғасады.
«Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін жетеді, бұл климаттық нормадан жоғары», – деп мәлімдеді "Қазгидромет".