Прямая трансляция

Астана

Астана

33.29°C

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша кезекті маңызды процессуалдық кезең аяқталды – адвокат

Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша кезекті маңызды процессуалдық кезең өтті. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша кезекті маңызды процессуалдық кезең аяқталды – адвокат
Фото: әлеуметтік желіден

Омаровтың сөзінше, прокурор күдіктіге қатысты айыптау актісін түзіп, қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.

Осылайша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, ендігі кезеңде іс сотта мәні бойынша қаралатын болады.

«Жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сот процесінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастырамыз. Істің жан-жақты, толық әрі объективті қаралуы үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады», - дейді адвокат.

Оған қоса, Аянхан Омаров жәбірленуші тарап істің тікелей эфирде өткізілуін талап ететінін хабарлады.