Қуандық Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова «Әділет» партиясының атынан Құрылтайға депутаттыққа ұсынылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Айжан Аймағанова – Қазақстанның танымал прокурорларының бірі. Ол 2024 жылы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты іс бойынша мемлекеттік айыптаушы ретінде көпшілікке кеңінен танылды.
Соттағы кәсіби ұстанымы мен дәлелдерін жүйелі жеткізуі қоғамның назарын аударды.