Прямая трансляция

Астана

Астана

27.8°C

Атыраудағы отбасы өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Бүтін бір отбасының өліміне кінәлі деген күдікпен сотта жауап беріп жатқан Сұлтан Сарсемалиевтің бұрынғы әйелі, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Атыраудағы отбасы өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: видиодан скриншот

Мұны Атырау облыстық прокуратурасы оның қанды қылмысты жасырғаны дәлелденбегенімен байланыстырады. Облыс прокурорының көмекшісі

Айсұлу Сүлейменнің мәліметінше, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевтің жасаған қылмысын жасырды деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған. 

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева былтыр Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталғаннан кейін екеуіне де «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты адам өлтіру айыбы қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды. 

Дегенмен құқық қорғау органдары оның бұрынғы жұбайының аса ауыр қылмысын жасырған болуы мүмкін деген күдікпен істі бөлек өндіріске бөліп, тергеуді жалғастырған еді. Қазір бұл іс те тоқтатылды.

Прокуратура ақпаратына сүйенсек, Алматыда жүргізілген стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау жүргізу және қосымша дифференциалдық диагностика қажет деп танылған. Қазіргі уақытта ол тиісті ем қабылдап жатыр.