Прямая трансляция

Астана

Астана

26.87°C

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде боксшы Данияр Елеусінов мас күйде ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды paryz.kz.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Фото: әлеуметтік желіден

Астананың полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты жауап берді. Ведомство Елеусінов туралы сұраққа жауап бергенімен, ұсталған адамның аты-жөнін ашып айтпады.

Полиция мәліметінше, Астанада екі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бірнеше автокөлік зақымданған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған көлікті Достық көшесінде тоқтатқан. Көлік тізгінінде отырған 35 жастағы ер адам мас күйде болған. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ. 

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады, - делінген хабарлдамада. Полицияның мәліметінше, «Заң және тәртіп» қағидаты бәріне бірдей қолданылады. Танымалдылығына, мамандығына, лауазымына немесе еңбегіне қарамастан, заңды бұзған әрі жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан әрбір адам заң аясында жауап береді