2026 жылғы мамыр айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелді. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 13,5%-ға аз (сәуірде – 35 154 мәміле).
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мәмілелер саны бойынша Астана (5 122 мәміле, 16,8%) және Алматы (4 925 мәміле, 16,2%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (2 630 мәміле, 8,6%) алдыңғы орындарда тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, 261 мәмілені құрады.
Көппәтерлі үйлер нарығында мамыр айында 23 381 мәміле жасалған, бұл жалпы көрсеткіштің 76,9%-ын құрайды.
Бұл сәуір айымен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеген. Ең көп мәміле Астана мен Алматы қалаларында тіркелген. Жеке тұрғын үйлер сегментінде 7 039 мәміле жасалып, сәуірмен салыстырғанда 10%-ға азайған.
Бұл бағытта өсім тек Павлодар облысында (+15%) байқалды. Жалпы алғанда, тұрғын үй нарығында айлық та, жылдық та төмендеу динамикасы сақталған.