Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Елордада есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды

Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратты деген күдікпен 18 жастағы тұрғынды ұстады. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді.

Елордада есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Polisia.kz мәліметінше, асүй шкафтарынан электронды таразылар мен есірткіні қаптауға арналған құралдар табылған. Сонымен қатар балмұздақ шәрбатының бос бөтелкесінен өзіне тән иісі бар сары түсті сұйық зат анықталып, сараптама оның каннабис шайыры екенін көрсеткен. Бұдан бөлек, гашиш майы құйылған екі ыдыс пен түрлі түсті изолентамен оралған түйіншектері бар пластик контейнер тәркіленді.

Оның ішінде өсімдік тектес есірткі заты болған. Жалпы саны шамамен 500 түйіншек гашиш алынған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткінің заңсыз айналымы қоғамға зор қауіп төндіретінін ескертіп, азаматтарды мұндай фактілер туралы «102» арнасына хабарлауға шақырды.